Қостанайда үш жұмысшы құдық ішінде көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай облысында үш жұмысшы құдық ішінде қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл ақпаратты облыстық еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Бақытжан Макеев растады. Оқыс оқиға Алтынсарин ауданында болған.
«Теміржолсу Қостанай» ЖШС-нің үш жұмысшысының денелері құдық түбінен табылды. Олар Қарғалы стансасындағы су сорғыш мұнарадағы құбырды жөндеуге шыққан. Жұмыс барысында олар құдыққа түсуге тиіс болған. Кісі өлімінің нақты себептерін әзірге айта алмаймыз. Марқұмдар газға уланып қалуы ықтимал. Нақты себептер тексеру шараларынан соң белгілі болады»,– деді Б. Макеев.
Белгілі болғандай, олармен бірге құдыққа түскен төртінші жұмысшы ауруханада жатыр. Қазір оның жағдайы бірқалыпты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
15.10.2026 13:44
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 08:14
Президент Бельгиялықтар королі мен патшайымын Алматыға шығарып салды
14.10.2026 10:18