Қазақстанның әскери ЖОО-ның курсанттары халықаралық олимпиадаға қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында математика бойынша ТМД мемлекеттері жоғары әскери оқу орындары курсанттарының  халықаралық олимпиадасы өтті. Сайысқа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения және Тәжікстанның командалары қатысқан. Олимпиадада Қазақстан намысын Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының курсанттары қорғады. Азаматтық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар, сондай-ақ бейінді ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері санынан құралған математика саласындағы тәжірибелі мамандар қатысушыларды бағалады. Халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша командалық біріншілікте 3-ші орынды Беларусь Республикасының Әскери академиясының командасы, екінші орын еліміздің командасына бұйырды. Ал 1-ші орынды Ресей елінің Әскери-әуе  академиясының командасы еншіледі.


Новости партнеров