Алматыда тағы бір ғимарат ажарлана түсті. Лермонтов атындағы орыс драма театрының сыртына жарық шамдар орнатылды. Қала үшін маңызды оқиғаға өнер ордасының шығармашылық тобы мен тұрақты көрермендері қатысты. Сондай-ақ шаһар басшысы Бауыржан Байбек бұл шара театрдың 85 жыл мерейтойлық маусымына тарту іспеттес екенін айтты. Еске сала кетейін, мегаполисті архитектуралық жарықтандыру концепциясы өткен жылдан бері жүзеге асып жатыр. Жобаның басты мақсаты - қала ғимараттары мен нысандарының, ландшафтының кешкі және түнгі уақыттағы бірегей архитектуралық стилін қалыптастыру. Аталған бастама арқасында осы уақытқа дейін қаланың 60-тан астам ғимараты түрленген болатын. Дегенмен, қала басшылығының айтуы бойынша, бұл жұмыстар болашақта да жалғасын табады.