|
09.07.2018 | 12:29
6000

Қазгидромет: Қазақстанда ыстықтың беті қайтады

Қазгидромет: Қазақстанда ыстықтың беті қайтады

Республика аумағының басым бөлігінде ыстық басылып, солтүстік жартысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күшті жел соғады – деп хабарлайды sputniknews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның басым аумағында ыстық басылады деп болжап отыр. Жаңбыр жауып, жел күшейеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

"Демалыс күндері оңтүстік облыстарда ауа температурасы 40-45°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болды. Бірақ алдағы үш тәулікте Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінен атмосфералық фронттармен бірге салқын және дымқыл ауа келе бастайды. Сондықтан республика аумағының басым бөлігінде ыстықтың беті қайтады деп болжануда, солтүстік жартысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күшті жел соғады", - деп жазылған 10-12 шілде айының ауа райы болжамында.

Оңтүстік облыстардың кей бөлігінде, атап айтқанда, таулы және тау бөктерінде орналасқан аудандарында да өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир