Лос-Анджелесте құнды сыйлықты бағалай білетіндерге көрме ашылды

Лос-Анджелесте құнды сыйлықты бағалай білетіндерге көрме ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Лос-Анджелесте құнды сыйлықты бағалай білетіндерге таптырмас көрме ашылды. Бугаттидің сирек коллекциясы халық назарына ұсынылды. Бір әулеттің бірнеше буыны көлік құрастыруды қалай жүргізгенін бейнелейтін көрме "Бугатти Өнері" деп аталады. Бугатти отбасының құрап шығарған көліктерімен қатар мұнда - жиһаз, картиналар, мүсіндер, күмістен жасалған бұйымдар бар. Мұражай тәлімгері мұнда Бугатти әулетінің әр мүшесіне ерекше орын бөлінген, қызықты деректер көптеп кездеседі дейді. 


«Мұнда Этторе ойлап тапқан көліктер ғана емес, бұл жерде оның әкесі Карло жасаған жиһаз да бар. Мұнда оның ұлы Жан, ағасы Рембрандт және апасы Лидияның қолынан шыққан түрлі көркем бұйымдар мен мүсіндер бар. Бұл отбасы өте шығармашыл болған. Олардың Еуропа жерінде дүниеге келіп, өмір сүруі әлемге өлшеусіз үлес қосты деп айтуға толық негіз бар. Себебі, сол кезде шығармашылық еркіндік болған»,- деді Музей тәлімгері, Лесли КЕНДАЛЛ.

 


 

 



Новости партнеров