Алматыда жас бала қорлық көрсеткен мүгедек әйелдің кім екені анықталды

Алматыда жас бала қорлық көрсеткен мүгедек әйелдің кім екені анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облыстық ІІД баланың қорлығына қалған мүгедек әйелдің кім екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әйел баланың ісіне бола полицияға арызданбаған.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаев айтқандай, әйел тұрғылықты жері жоқ адам екен.

«Біз әйелдің кім екенін анықтадық. Онымен сөйлестік. Экспертиза жасалмағандықтан, толық айта алмаймыз. Бірақ сыртқы белгілеріне сәйкес әйел адам психологиялық ауытқуы бар екені көрініп тұр. Ол баланың әрекетін өзіне жасалған қорлық деп түсініп отырған жоқ. Сондықтан, балаға арыз жазбайтынын айтты», – деді Сергей Незнаев.

Жапа шеккен әйел арыз жазудан бас тартса да облыстық жасөспірімдер полициясы баланы іздестіруді жалғастыра бермек.

«Баланың әрекеті қоғамдық резонанс туғызды. Оның тәрбиесіне қарап отырып, ата-анасымен, айналасымен әңгімелесу керектігін түсіндік. Қазір полиция қызметкерлері баланың бет-жүзін айқындап қалды. Видеода өздеріңіз байқағандай, баланың беті анық көрінбейді. Фотосуретті жақын арадағы аудандарға тараттық. Ювеналды полиция баланы міндетті түрде табады», – деді Сергей Незнаев.

Айта кету керек, Facebook желісінде жарияланған ролик көпшіліктің наразылығын тудырған болатын.

Бейнекадрда 7-8 жастағы бала мүмкіндігі шектеулі әйелді балағаттап, үстіне су шашқан. Әйел пакетінен йогурт алып берсе де, бала айналып келіп йогуртты әйелдің басына төккен.


Новости партнеров