|
26.03.2018 | 21:02
2754

Алматыда тұтынушыларды жаппай улаған мейрамханаға айыппұл салынды

Алматыда тұтынушыларды жаппай улаған мейрамханаға айыппұл салынды

Алматыда сапасыз ас дайындап, тұтынушыларды жаппай улаған мейрамхана жұмысы 1 айға тоқтатылды. Оған қоса, тамақтану орынына 700 мың теңгеден аса айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Істі қараған қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты осындай шешім шығарды. Қазір іс ауданаралық экономикалық сотта қаралып жатыр. Еске сала кетсек, 10 наурызда қаладағы мейрамханалардың бірінде тамақтанған 11 азамат астан жаппай уланған еді. Дәрігерлердің айтуынша, олардың тоғызына сальмонеллёз диагнозы қойылса, екеуі өткір ішек инфекциясына шалдыққан. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері жүргізген тексеру нәтижесінде мейрамхана санитарлық эпидемиологиялық рұқсат қағазынсыз жұмыс істегені анықталған.

«66 қызметкер тексерілді. Ешқайсысынан ауруға тасымалдаушылық ішек таяқшалары табылмады. Сонымен қатар, басқа да зерттеулер, зертханалық зерттеулер алынды. Соның ішінде 12 ішек таяқшасына тексеру жүргізіліп, соның төртеуі оң шықты. Сонымен қатар, патогендік фораға да алынды. Одан бір сынамасы оң болып шықты. Мұның бәрі тексеріс барысында анықталған кемшіліктердің қорытындылай келе сол кемшіліктердің бар екенін көрсетіп тұр», - деді Алматы қаласы Бостандық ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің басшысы Меруерт ЖАНСЕЙІТОВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир