Алматы облысында тұратын мүмкіндігі шектеулі шахматшыға жомарт жандар пеш сыйлады

Алматы облысында тұратын мүмкіндігі шектеулі шахматшыға жомарт жандар пеш сыйлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Талғарда тұратын мүмкіндігі шектеулі шахматшы Алексей Вершининге қайырымды жандар жақсылық жасады. Пеші жоқ суық үйде сұлық жатқан жігіт арнамыз арқылы көмек сұраған еді. Арада айға жуық уақыт өткенде, оның кішігірім интеллектуалды клубына жылу жіберіліп, бұдан былай балалар  шахматты  жылы жерде үйренетін болды. Өмірге құлшынысы мықты жанды көргенде «Қазақстанның шахмат федерациясы» өткізгелі отырған жеке турнурден бас тартып, үйірмеге жылу сыйлады.

Бүгін төсекке таңылған шахматшы Алексейдің үйірмесінде үлкен қуаныш. Өйткені, жылу болмағандықтан, оқушылар клуб жабылып қала ма деген үрейде жүріпті. Бірақ  жомарт жандар мүмкіндігі шектеулі жанның өтінішін орындап, құны қымбат газ пешін сыйлады.

«Қазақстан шахматшылар клубы өздері өткізгелі отырған жеке турнирден бас тартыпты. Жүлдеге тігілген қаржыны құртпай, жылытатын пеш сыйлады. Алдын ала мамандармен ақылдастық. Сапасы жақсысын таңдап,  барлық қажетті құрылғыларымен қоса сатып алдық. Біздің сұрауымызды екі етпей, көмектескен жандарға алғыс айтамын! Жүрегі мейірімге толы адамдар көп. Мәселен, бір жігіт ақшалай көмектесіп кетті», - деді Алексей Вершининнің анасы Наталья ВЕРШИНИНА.

Ал Алматы облысы әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы газ құбырын тегін жүргізіп беруді уәде еткен. Енді бірнеше күнде үйірмеге жылу беріліп, клуб жыл бойы жұмыс істейтін болады. Жалпы Алексейді қолтығынан демегісі келетіндер көп. Ендігі оның арманы - оқушыларын жарысқа өзі апару. Тек ол үшін Алексейге тағы да көптің көмегі қажет. 

«Бір ғана мәселем бар. Енді мүгедектердің заманауи арбасына қол жеткізгім келеді. Менің алғым келіп жүрген арба Ресейде жасап шығарылады. Ондай Қазақстанда жоқ. Оны көрші елден тапсырыспен алуға мүмкіндік бар. Енді маған көмектісі келген демеушілер болса жақсы болар еді. Әкімдіктен арба беріледі. Тек менің басыма жайлы болу үшін жататын түрі керек»,- деді Алексей ВЕРШИНИН.

Шахматшы Алексейге Алматы облысындағы 3 түрмеге мотивициялық дәріс оқуға ұсыныс түсіпті. Тек жігіттің онда баратын хәлі болмай тұр. Бірақ ол қол қусырып отырмай, балаларын интелектуалды ойынға баули бермек. Өйткені, жігіт өмірге өкініш айтуға уақытым жоқ, дейді. Ал арбаны алып беретіндер болса алғыстан басқа айтары жоқ.


Жадыра Омаржан, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров