Медициналық қызметті сатып алудың жаңа ережесі әзірленді

Жаңалықтармен бөлісіңіз


2 жылдан бері Бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып, әр түрлі деңгейде сөз болған «міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» заңы ағымдағы жылдың 1-ші шілдесінен бастап өз күшіне енді. Ал, жақында Медициналық қызметті сатып алудың жаңа ережесі әзірленді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыда мемлекеттік және жекеменшік медицина ұйымдарының, бизнес қауымдастығының өкілдерімен  өткен кездесуде мәлімдеді. Жаңа ережелер бизнес субъектілерінің кепілдендірілген тегін сақтандыру шеңберінде қызмет көрсету тәртібін жеңілдетеді. Мәселен, денсаулық сақтау нысандарынан талап етілетін құжаттар 22 пайызға, ал, бастапқы медициналық құжаттама формалары 30 пайызға қысқартылады екен. Сондай-ақ, ведомство басшысы тегін дәрі-дәрмектердің саны ұлғаятының айтты.

«Қазіргі күнде біз мемлекет тарабынан 400-ден астам түрлі-түрлі дәрі-дәрмекті тегін беріп тұрамыз. Амбулаториялық деңгейде. Сонымен мысалы 49 ауруларда қажетті дәрі-дәрмекті мемлекет тегін беріп жатыр. Қазіргі күнде біз әрине жоспарлап жатырмыз жыл сайын осы қордың арқасында осы  тізімді нығайтып ары қарай кеңейтіп, жалпы дәрі -дәрмектерді біз тегін қылып халыққа жеткізуіміз керек»,- деді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, Елжан БІРТАНОВ.

Министр мырзаның сөзіне сенсек осы жылы дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бағасы да бақылауға алынып, реттеледі екен. Ал ауруханаларда қажетті препараттар тегін болуы шарт. Қабылданған түзетулерге сәйкес, жұмыс беруші ай сайын жұмыскер жалақысының 1 пайызы көлемінде жарна төлейді. Бірақ оның көлемі 3 мың 668 теңгеден аспауы шарт. Жеке кәсіпкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар болса 2 төменгі айлық жалақының 5 пайызы мөлшерінде немесе 2 мың 445 теңге көлемінде жарна төлемек.  Әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін сақтандыру жарнасын мемлекет бюджеттен бөледі, бұл 14 санатқа жататын шамамен 10 млн адам.

«Сіздерге таныстырылып отырған ережелер медициналық қызметтерді сатып алудың қолданыстағы тәртібін өзгертуге бағытталған. Өзгерістердің дені сатып алу процесінің төрт аспектісіне қатысты. Атап айтқанда, сатып алуды жоспарлау, жеткізуші компанияларды іріктеу, келісімшарттардың орындалу барысын бақылау және медицина мекемелеріне көрсетілген қызмет ақысын төлеу тәртібіне өзгерістер енгізілмек»,- деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ төрағасы, Елена БАХМУТОВА.


Новости партнеров