Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының президентімен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Астанаға арнайы келген Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Елбасы Александр Лукашенконкомен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «Астана ЭКСПО-2017» дүние жүзілік көрмесінің ашылуына қатысу үшін келгеніне алғыс айтты. Қазақстан Президенті халықаралық көрменің негізгі идеясына тоқталып, көрменің басты нысаны - «Нұр Әлем» павильонындағы экспозициялар туралы айтты. Мейман павильондарды аралап көріп қана қоймай, еліміздің экспозициялық кешендер құрылысындағы тәжірибелерді де мұқият зерттемек екенін, алда өздері де халық шаруашылығы жетістіктері көрмесін ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын жасырмады. Сонымен қатар, Лукашенко еліміздің  тарихты зерделеуге бөлетін көңілін жоғары бағалады.

«Сіз бұрынғы лагерьдің орнында «АЛЖИР» музейін ашуға көп күш жұмсадыңыз. Бұл лагерьде бұрынғы Одақтың түкпір-түкпірінен айдалып келген адамдар қамалды. Оның ішінде Беларусиядан келген әйелдер де болды. Бүгін біз бірқатар хаттар мен тағдыры лагерьмен байланысты адамдардың іс қағаздарын ала келдік. Бұл - маңызды құжаттар»,-деді Беларусь Республикасының президенті, Александр ЛУКАШЕНКО. 

Елбасы Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен де кездесу өктізді. Кезекті мейманға арнайы келгені үшін Қазақстан президенті алғыс айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Иранда өткен сайлауда қазіргі Президент Х.Руханидің жеңіске жеткені туралы хабарды ризашылықпен қабылдағанын атап өтті. Иранның сыртқы істер министрі Қазақстан Президентіне қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. 


Новости партнеров