|
24.10.2017 | 17:57
1078

Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады

Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Елбасы елімізде өтетін халықаралық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталып өтті. Ал Кәрім Мәсімов Президентті елдегі қазіргі ахуал мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Елбасы Комитет төрағасына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

«Мен арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізген кезде үйлесімді жұмыс жүргізгені үшін алғыс айттым. Олар тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алды, сондықтан көрмеге келген барлық қонақтар тарапынан жақсы баға берілді», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир