Теңгенің шетелдік валютаға бағамын нарық күші анықтайды. Ал ол нарыққа түрлі жағдайлар әсер етуі мүмкін. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ұлттық валюта құнына қатысты пікір білдірді. Министр Ресей рублінің теңгеге ықпалы жайында да сөз қозғады. Жақында ресейлік әріптестер өздерінің макроэкономикалық болжамының бір бөлігін жариялады. Қазір болжам жаңартылып, рубль өз деңгейінде, яғни долларға шаққанда 62 рубльді көрсетуде. Сүлейменов Ресей ақшасы бағамының күрт өзгерісі болмайтынына сенімді. Ал еуроның өсуі Еуроодақтағы экономикада, жұмыссыздық саласында болған жағымды жаңалықтарға байланысты өзгеріп тұрады екен. Сондықтан валюталық жұптарға назар аудару керектігін баса айтты министр. Төл теңгенің бағамын Тимур Сүлейменов тоқсанмен, жартыжылдықпен өлшеу керек деп өз ойын айтты.
«Барлығымызға белгілі, екі жылдан бері теңге бағамы еркін айналымға жіберілді. Осыған сәйкес, біздің теңгенің өзге шетелдік валюталарға бағамын нарық күші анықтайды. Ал нарыққа көптеген факторлар әсер етуі мүмкін. Менің ойымша, орын алған құбылмалы ахуалдарға баса назар аударудың қажеті жоқ. Мұндай құбылыстар байқалып тұрады. Төл теңгеміз еркін бағамға жәберілгеннен кейін, тұрақты деңгейде тұр, бастысы да осы. Сондықтан бағамды күн сайын немесе апта сайын емес, аймен, тоқсанмен, тіпті жартыжылдықпен өлшеу керек», - деді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ.