Қазақстанда қант қоры жеткілікті – министрлік

Қазақстанда қант қоры жеткілікті – министрлік
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда қант қоры жеткілікті. Еліміздің Ұлттық экономика министрлігі  нарықта қанттың жетіспеушілігін жоққа шығарды.

Жыл басынан бері елімізде 138 мың тонна шекер өндірілген болса, 121 тоннасы сырттан әкелінген. Ведомство өкілдері Қазақстанға қантты сырттан тасымалдауға немесе өндіруге ешқандай тыйым салған жоқ деді.

2010 жылы Кеден Одағы құрылғаннан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес ел, үшінші мемлекеттен импортталған ақ қантқа біріңғай кедендік тариф – тоннасына 340 доллар көрсеткіші де өзгермеген. Одақ құрамындағы елдер арасында қант тасымалына салым салынбайды.

«Алматы және Астана әкімдіктерінде тұтынар қанттың қоры алдағы уақытқа жетерліктей. Сонымен қатар, қызылшаны жинау мезгілі жақындап қалды. Ол елімізде тағы да қосымша қант қорының көбеюіне ықпал етпек. Сондықтан қант бағасы өсіп, дүкен сөрелерінен жоғалу қаупі жоқ», делінген ҚР Экономика министрлігінің ресми мәлімдесінде.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Алматыда бір топ өндірушілер қант тапшылығы қолдан жасалып жатыр деп шағым білдірген болатын. Олар еліміз өзге елден шекерді әкелгенде берілетін жеңілдікті де алып тастаған деген болатын.  


Новости партнеров