|
05.12.2017 | 16:34
2694

Алматыда «Смарт пойнт» кеңістігінде жастар саммиті өтуде

Алматыда «Смарт пойнт» кеңістігінде жастар саммиті өтуде

Алматыда «Смарт пойнт» кеңістігінде жастар саммиті өтіп жатыр. Тың шарада 15-ке жетеғабыл тақырыптық алаң орын тепкен. Трансформациялық ойындар, экология алаңын айтпағанның өзінде, мұнда нейрографика флешмобын өткізу де қарастырылған. Ең негізгі «Кинес» алаңында жастармен ашық пікірсайыстар өтеді, танымал тұлғалар өздері жайлы, жеткен жетістіктері жайлы әңгімелейді. Көрменің бірінші қабатында Қазақстанның қазіргі мәдениетін суреттейтін әйгілі суретшілердің жұмыстары қойылса, екінші қабатта жұртшылық назарына киізден, былғарыдан жасалған қолөнер бұйымдары ұсынылды. Келіп қатысамын деушілерге фотобайқау жарияланды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау мақсатында ұйымдастырылған ерекше саммиттің жастар үшін маңызы зор. Олар өздерінің туған жерінің өткенін, қазіргісі мен болашағын көріп, таныса алады. Отанын жаңаша қырынан тани алады. Мұнда дәуірлер арасындағы байланыс көрсетілген. Тақырыптық алаңдардың барлығында да «Рухани жаңғыру» бағдарламасында атап көрсетілген дүниелер қамтылған»,-деді Жастар саммитінің ұйымдастырушысы, Ксандра СИЛАНТЬЕ.

Ал, саммиттің екінші күнінде мұндағы алаң басқаша қырынан танылады. Жастар поэзия, музыка және кино саласымен танысуға мүмкіндік алады. Жас актерлер Олжас Сүлейменовтың өлеңдерін жатқа оқып, камералық поэтикалық кештің куәсі болмақ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир