|
04.05.2018 | 15:00
14170

Алматыда Көңілді тапқырлар клубы қайта жұмысын бастады

Алматыда Көңілді тапқырлар клубы қайта жұмысын бастады

Күле білу - өмір, күлдіре білу - өнер. Алматыда ойы мен сөзі жүйрік, табан асты тапқыр жастар сахнада қауышты. Өйткені, Алып шаһарда көңілді тапқырлар клубы қайта жұмысын бастады. Алғашқы гала-концертте 19 команда өнер көрсетті. Ал финалға тек мықтылары ғана жолдама алады. Соңғы сөзді топтардың әзілдеріне баға беретін әділқазы алқасы мүшесі айтады.

Бұл жанға дәру күлкіні өткір қаруға айналдырған жастар. Олар әр секунд сайын әзілдеп, жұртты қыран-топан күлкінің астында қалдырды. Астарлы қалжыңды бірден түсінген көрермендер қолпаштап жатыр. Өйткені, жұрт күлкі фестивалін сағынып қалғаны байқалады. Биыл Алматыдағы лиганы тәжірбиесі мол, елге таныс әзілқойлар қолға алған.

«Алматы лигасы жалпы КВН, Қазақстандағы КВН бұрыннан болған. Біз жай ғана сөніп қалған отты одан сайын жандандырып жібердім десем, қателеспеспін. Өйткені, біріншіден себебі неде? Не үшін аштық? Тұрып қалған командалар, ойнауға өзінің жалпы ықыласы бар, ойнайм деген ниеттегі командаларға осындай бір алаң ұйымдастырып, осындай ойнайтын лига болса екен», - деді Көңілді тапқырлар клубының жүргізушісі Еркебұлан МЫРЗАБЕКОВ.

Алматы лигасының сахнасына 45 команда өнер көрсетуге ниет білдерген. Алайда, әзілқазы мүшелері мен редакторлар оның тек 19-ын таңдап алыпты. Тартысты талас ары қарай да жалғасады дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, лигага еліміздегі әр түрлі университеттерінен келген студенттер қатысып жатыр.

«Әр команданың қайталанбас өз стильдері қалыптастан. Сондықтан көрермен үшін олардың ойындарын көру қызық болайын деп тұр. Еліміздің әр өңірінен келген топтардан бөлек Өзбекстан, Қырғыз, Ресейден де қатысып жатқандар бар», - деді Көңілді тапқырлар клбуының редакторы Марат ОРАЛҒАЗИН.

Алғашқы фестиваль бұл тек тартыстың басы ғана. Кіл мықты команданың есімі желтоқсан айында белгілі болады. Жеңіске жеткендер тек кубокка ғана емес, халықаралық Сочидегі фестивальге жолдама алады.


Жадыра Омаржан,  Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир