Астаналық пневматикалық қарумен «Олимпті» тонамақ болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елордалық пневматикалық қарумен букмекерлік кеңсені тонамақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық сотына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Есіл аудандық №2 сотында «Олимп» букмекерлік кеңсесіне жарамсыз тапаншамен қарақшылық шабуыл жасаған азаматқа қатысты қылмыстық істі қараған.
Азамат А. газ баллонымен оқталмаған пневматикалық тапаншамен кассирді қорқытып, одан кассадағы ақшаны беруді талап еткен және есігін сындырмақ та болған. Осы уақытта кассир күзет қызметін шақырып, азамат А ойлаған мақсатын жүзеге асыра алмаған.
Сот үкімімен оның бас бостандығы 5 жылға шектелді. Сотталушының үстінен пробациялық бақылау белгіленіп, үкім заңды күшіне енген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33