Мұғалімдерден ақша жинауға байланысты еліміздің Білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерден ақша жинауға байланысты еліміздің Білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мұғалімдерден ақша жинауға ешкімнің қақысы жоқ. Еліміздің Білім және ғылым вице-министрі бүгін арнайы брифинг өткізіп, ұстаздардың құқығына әр нәрсені сылтауратып қол сұқпауды ескертті. Естеріңізде болса, кеше Өтеген батырдың ескерткішін тұрғызу үшін Алматы облысы Іле ауданындағы мектеп оқытушыларынан бір күндік жалақыларын берулері жөнінде ақпарат тараған еді. Жоспарға сәйкес, ұстаздар алдын ала жазылған қолхаттың үлгісін көшіріп, ақша өткізулері керек болған. Ал аудан басшылары ерсі қылықтарын әр адамның еркімен берілетін қаржы деп ақталған еді. Алайда бұл істі тексерген министрлік мұғалімдердің қарсы шыққанын анықтадық деді. 

«Іле ауданы бойынша бұл ақпаратты білеміз. Тиісті шара жүргіздік. Осы 15 мектептегідей бұл мәселені арнайы тапсырма беріп, ақша жина десе бұл заңға қайшы келеді. Біз арнайы тапсырма бердік, бұл ешқандай жерде қайталанбауы керек», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ.


Новости партнеров