Мұратхан Тоқмәди 10 жыл 6 айға сотталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мұратхан Тоқмәди 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Таразда Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта істі қарап жатқан судья Азамат Тілепов осындай үкім кесті. Сот процесі 1 айға созылған. Осы уақыт аралығында тізімдегі 127 куәгердің 75-нен жауап алынған. Судья оның мүлкін тәркілемеу туралы шешім шығарды.

«Сот Мұратхан Тоқмәдиді Қылмыстық Кодекстің 96-бабы 2-бөлімінің Ж және З тармақтары бойынша, яғни бірнеше адамның алдын ала ұйымдастыруымен қасақана кісі өлтіргені үшін айыпты деп тауып, мүлкін тәркілеусіз 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырады. Сот жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемелерінде өткізу жөнінде үкім шығарады», - деді Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Азамат ТІЛЕПОВ.

Айта кетерлігі, мемлекеттік айыптаушы бизнесменге 12 жыл жаза кесуді сұраған еді. Осыған дейін үйінде заңсыз қару-жарақ сақтап, бизнесмендерді бопсалады деген айыппен 3 жылға темір торға тоғытылған Тоқмәдидің тағы бір қылмысқа қатысы бары анықталған еді. Ол осыдан 14 жыл бұрын белгілі банкир  Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындап, тапсырысты Мұхтар Әбілязов бергенін айтқан болатын. Осы қылмысқа барғаны үшін Әбілязовтан 4 млн доллар алыпты.






Новости партнеров