|
30.08.2018 | 11:56
2721

Монополистер тұтынушылар төлейтін ақшаның қайда жұмсалатынын түсіндірді

Монополистер тұтынушылар төлейтін ақшаның қайда жұмсалатынын түсіндірді

Алматылықтар суық су мен кәріз желісіне шамамен 200 миллион теңге берешек боп қалған. Қарызы бастан асқан тұтынушылар сан түрлі сылтау айтып, әлі күнге дейін төлемей келеді екен. Ал монополияға қарсы күресетін мамандар соңғы 4 жылда өсім болмағанын айтады. Мәселен, қазір 1000 литр суық су көлемі 55 теңгені құрса, 1 текше метр кәріз ағындысын тазарту үшін бар болғаны 28 теңге есептеледі. Десе де, оны да қымбатсынатын тұрғындар көп. Бүгін холдинг мамандары халықтың суық су мен кәрізге төлейтін ақысының қайда кететінін тәптіштеп түсіндірді.  

«Бүгінгі таңда Қазақстан қалаларымен салыстырғанда, алматылықтардың суға және кәріз қызметіне төлейтін тарифі ең төмен деп айтуға болады. Салыстыра айтсақ, 55 теңге дегеніміз – 1000 литр су. Ал дүкендерде бір бөтелке судың бағасы 100 теңге», – деді «Алматы Су холдингі» МКК баспасөз хатшысы Серік ШАГИРОВ.

Биыл Алматы су мекемесі жеке қаражатынан су құбырларын жаңартып, жабдықтарды автоматтандыру үшін 2,6 миллиард теңге бөліпті. Ал Алматы әкімдігі қарастырған инвестициялық бағдарламалар арқасында, мекеме құрылғылары кезең-кезеңімен жаңартылуда. Мамандар коммуналдық төлемнен түсетін қаржы мақсатты түрде жұмсалады дейді. Бірақ көп бөлігі жарыққа жұмсалады екен.  

«Екі жылдан бері жоспарға қосып келе жатырмыз. Оның ішінде электр энергиясын көп пайдаланатын ауа үрлейтін қондырғы бар. Қазір біз соған жобалық құжат дайындау үшін тапсырыс бердік. Жоба бойынша 20-30 пайыз электр энергиясын үнемдейтін қондырғы қоямыз деп жоспарлап отырмыз», – деді «Алматы Су холдингі» МКК Бас директорының міндетін атқарушы Нуриддин ЖАРБОЛОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир