|
16.02.2018 | 10:10
2549

Алматыда қару-жарақпен ұсталған жігітті прокурор 4 жылға соттауды сұрады

Алматыда қару-жарақпен ұсталған жігітті прокурор 4 жылға соттауды сұрады

Алматыда көлігін қару-жараққа толтырып, тәртіп сақшыларынан қашқан жүргізушіні прокурор 4 жылға соттауды сұрады. Айыпталушы жарыссөзде сөзін қысқа қайырды. Ол «Ф-1»  қол гранатасын ағаш маңынан тауып алғанын ғана айтты. Ал толықтай оқ өтпейтіндей етіп брондалған темір тұлпарда Дәурен Әлеухановпен бірге болған азамат ашық мәлімдеме жасады.

Алматылық полицейлерді әбігерге салып, 8 оқ отуға мәжбүрлеген 23 жастағы жігітпен бірге көлікте танысы Мәрлен Шалабаев та болған еді. Тек оның кінәсі дәлелденбегендіктен, процеске куәгер ретінде келіп жүр. Сот отырысында ол мәлімдеме жасаймын деп бірінші болып сөз алды. Айтуынша, өзінен 25 жас кіші Дәурен Әлеухановқа тәртіп сақшыларынан қашайық деген бұйрықты өзі беріпті. Сондықтан қазыға жаза кесерде жеңілдік жасауын сұрады.

«Сонымен бағдаршамға келген кезде ОМОН келген кезде інім  «не істейміз?» деген кезде «есікті ашамыз» дедім. «Братан машинада автомат бар ғой» деді бұл. «Қаштық» деп мен айттым. «Онда қаштық» деп мен айттым. Дәуренге сол кезде», - деді  куәгер Мәрлен ШАЛАБАЕВ.

Өткен жылдың күзінде тәртіп сақшыларын тік тұрғызған арнайы операция кезінде ұсталған жігітті прокурор 4 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Оған жарылғыш заттарды сақтап, ұстағаны үшін және көлікті құжатсыз басқару, оның үстіне ескірткіге еліріп тізгіндеді айыптар тағылып отыр.

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 287 бабы 3 бөлігі және 346 бап 1 бөлімі негізінде кінәлі деп танып, 287 бабтың 3 бөлігі 4 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдануды сұраймын», - деді мемлекеттік айыптаушы Ерлан СЕРЖАНОВ.

3 сыныптық білімі бар айыпталушы Алматыға Шымкенттен қарындасының жағдайын сұрауға келген екен. Кейін қаланы қыдырмақ болып, толықтай оқ өтпестей қорғалған көлікті әлдебір танысынан уақытша мінуге сұрап алыпты. Дәурен Әлеуханов бұрын туған жерінде әртүрлі жалдамалы жұмыс істеп жүрген. Бірақ сотта қару-жарақты қайдан және қандай мақсатта қолданбақ болғаны туралы тіс жармай отыр. Ол өзін сотта емін-еркін ұстады.

Судья 2 томға арқау болған істің материалдарымен танысты. Бүгін айыпталушы соңғы сөзін айтып, кейін сот үкім шығу мүмкін.  

Жадыра Омаржан, Мұрат Тайжан, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир