|
21.12.2016 | 10:10
3954

Алматыдағы Медеу мұз айдыны түрлі түсті шамдармен көмкерілді

Алматыдағы Медеу мұз айдыны түрлі түсті шамдармен көмкерілді

Алматыдағы Медеу мұз айдыны түрлі түсті шамдармен көмкерілді. Идея авторлары демалыс орнының айналасына жүздеген шам орнатып, көріктендірді. Көз тартар табиғат аясындағы тарихи ғимараттың көркі артып, демалушыларға көңіл күй сыйлады. Тәуелсіздік күніне тарту болған  түрлі түсті жарықтар  қала тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығады деп үміттенеді жергілікті билік. Салтанатты шараға қала әкімі Бауыржан Байбекте  қатысты. Айта кететін жайт, қаладағы жарық шамдарымен безендірілген ғимараттар біркелкі архитектуралық стильде өзгерді. Көбіне ақ және сары түсті шамдармен жарықтандырылған. Жоба жеке қаражатқа жүзеге асып, алдағы уақытта да демеушілердің қолдауын таппақ.


 «Біздің қаламызда өздеріңіз білетіндей 28-дүниежүзілік қысқы Олимпиада өтеді. 3 мыңнан астам спортшы мен 30 мыңнан астам турист келіп, осы керемет шаһарымызды көретін болады. Осы универсиадаға дайындау барысында  Медеудің жарықтандыру мәселесін шешетін боламыз. Өздеріңіз білетіндей Елбасының тапсырмасы бойынша мына "Халық Арена",  "Алматы Арена", атлетикалық аула  сынды керемет  қалашықтар бой көтерді»,- деді Алматы қаласының әкімі,  Бауыржан БАЙБЕК.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Новости партнеров
След. →
Прямой эфир