Елімізде «Смарт сити - Ақылды қала" жобасы жүзеге асырылуда

Елімізде «Смарт сити - Ақылды қала" жобасы жүзеге асырылуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында  «Смарт сити» бағдарламасы іске қосылуда. Алғашқы пилоттық жоба Алматы, Астана, Қарағанды және Ақтөбеде енгізіледі. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев осыған орай, әкімдерге «Ақылды қала » қосымшасын орнатуға кеңес берді. Аталмыш жобаның басты концепциясын жасауға қомақты үлесін қосқан ақпарат және коммуникациялар министрі дәурен абаевтың ойынша, «смарт сити» қалалық мекемелер жұмысының тиімділігін арттыруға септеседі. Бүгіннің өзінде, әлем бойынша осы концепция аясында 2500-ге жуық  жоба іске асқан.

«Негізгі мақсат - қала өмірін барынша автоматтандыру. «Зерттеуге сәйкес, Копенгаген теxнологиялық бағыты жағынан үздік қала болып саналады. Одан кейінгі орындарға Сингапур мен Стокгольм жайғасқан. «Ақылды қала» рейтингісіне кіретін барлық қалалар нақты бір немесе екі саланы таңдады. Мәселен, Торонто қауіпсіздікке күш салса, Барселона көлік қатынасын барынша автоматтандыруды көздейді»,-деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі, Дәурен АБАЕВ.





Новости партнеров