Назарбаев Түркіменстан президентімен келіссөз жүргізді

Назарбаев Түркіменстан президентімен келіссөз жүргізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстан Президенті Гурбан Гулы Бердімұхамедовпен келіссөз жүргізді. Түрікменстан көшбасшысы Астанадағы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны өзіне ұмытылмас әсер қалдырғанын ерекше атап өтті. Елбасы жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының ашылу рәсіміне қатысуға шақырғаны үшін ГурбанГулы Бердімұхамедовке ризашылық білдіріп, осындай іс-шараларды өткізудің маңызды екенін айтты.

¤«Мен Сізді осы Азия ойындарының өтуімен құттықтаймын. Көптеген спорт нысандары салынды, алдағы уақытта олар халықтың игілігіне қызмет ететін болады. Мұндай іс-шаралар арқылы Түрікменстанның әлемге танымалдығы арта түседі. Биыл Қазақстан да ауқымды спорт сайысын – 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданы өткізді. Жалпы, біздің өңірде ірі халықаралық іс-шараларды өткізу өте маңызды», - деді Қазақстан Республикасының Президенті

¤Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Мемлекет басшысы көршілес Түрікменстанмен бауырлас қарым-қатынастарымызды атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар, елбасы аталған Азия ойындарына қатысып жатқан Қазақстанның спорт делегациясымен кездесті. ұлттық құраманың дайындығымен танысып, Ашхабадқа спортшыларымызды қолдау үшін келгенін айтты.

¤¤«Ең алдымен, Сізге еліміздегі спортты дамытуға ұдайы қолдау көрсетіп отырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Мемлекетіміздің әлемдік спорт ареналарындағы барлық жетістіктеріне Сіздің қосқан үлесіңіз зор. Біздер – Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Ашхабадта өтіп жатқан ойындарда төл туымыздың биікте жиі желбіреуі үшін бар күш-жігерімізді саламыз», - деді Қазақстанның Ұлттық құрамасының капитаны Нұрлан МЫРЗАБАЕВ.


Новости партнеров