Алты жұмысшысы өртеніп кеткен Алматыдағы батут орталығының директоры сотта жауап берді

Алты жұмысшысы өртеніп кеткен Алматыдағы батут орталығының директоры сотта жауап берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алты жұмысшысы өртеніп кеткен Алматыдағы батут орталығының директоры сотта жауап берді. Ол өзіне артылған кінәні тек жартылай ғана мойындап отыр. 33 жастағы кәсіпкер "апатты жағдайда шығатын есікті жапқан жоқпын" дегенді алға тартады. Есте болса, осыдан бір жыл бұрын дәл сол есік ашылмай қалып, бес студент түтінге тұншығып мерт болған еді. Ал, ғимаратты от шарпыған кезде «Алматы тауэрстің» өртке қарсы жүйесі істемей қалған көрінеді. Оның сөзінше, батут орталығының ашылуына 5 күн қалған екен. Негізгі жұмыс біткен. Тек құрылымдарды дәнекерлеп, нысандағы қоқысты шығару ғана қалыпты. Істі тез бітіру үшін бес жұмысшы мен дәнекерлеушілерді бір күнге жалдаған. Әрқайсысына сағатына 1000 теңге төлеуге келісіпті. Дәурен Тұяқов нысанды жалын шарпи бастағанын естігенде бірінші болып өрт сөндірушілерге хабарласқанын да айтты. Есте болса, қапыда мерт болған бес студенттің ата-анасы батут орталығының директорына кешірім берген еді. Айта кетейік, онымен бірге, дәнекерлеуші де айыпталып жатыр.

«Мен ешкімді мерт қылғым келмеді. Тек шағын бизнес ашқым келген еді. Бірақ арты өртке ұласып, өрімдей балалардан айырылып қалдық. Мен айыптау актісіндегі тағылған баптарға келіспеймін. Маған жұмысшыларға таныстыру жұмыстарын жүргізбеді деп айып тағып жатыр. Қайтыс болған студенттер менің қызметкерлерім болған жоқ. Заңды тұрғыда оны жүргізуге менің құқығым да жоқ. Эвакуация есігін де жапқан жоқпын»,-деді Дәурен ТҰЯҚОВ.

  

Новости партнеров