"Еуразия" кинофестивалі бастау алды

 "Еуразия" кинофестивалі бастау алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орталық Азияда ерекше орны бар "Еуразия" кинофестивалі бастау алды. Елорда төрінде осымен 13-ші рет шымылдығын ашқан шараға отандық киножұлдыздармен қатар, Оскар сыйлығының иегерлері Николос Кейдж және Эдриан Броуди қатысты. Шараның ашылу салтанатында аты аңызға айналған Құман Тастанбеков, Меруерт Өтекешова сынды әртістер, кино саласының саңлақтары бой көрсетті. Фестивальдің екінші күнінде Николос Кейдж мүмкіндігі шектеулі балалармен жүздесті. Ізінше, «5 құрлық» балалар кинофестиваліне қатысып, Шабыт өнер академиясының студенттерімен кездесті. Сондай-ақ, Голливудтың қос жұлдызы студенттермен шеберлік сағатын өткізді. Айта кету керек, Николос Кейдж Қазақстанның кино индустриясына қызығушылығын жасырмады.

«Ұшақта отырып, әуеден Астананы көрдім. Қаладағы зәулім ғимараттарды көзім шалып, сәулет өнерін зерттегім келді.Себебі, бұл қаладағы құрылыс ғылыми-фантастикалық кинодағы ғимараттарға ұқсайды. Ал, кино өнеріне келер болсақ, болашақта Қазақстандық режиссерлармен біріге ортақ туынды жасауға болады. Өзімді  Жюль Вернның «2000 жыл су астында» романындағы «Капитан Немоның » рөлін сомдағым келеді»,- деді Актер, Николас КЕЙДЖ.

Халықты танымал актерлардың қарапайымдылығы таңқалдырды. Шенділерден гөрі, жұртпен тілдесуге ұмтылыстары көптің көңілінен шықты. Қазақтың кеңпейілдігі мен қонақжайлылығына разы болған Эдриан Броуди алдағы уақытта Қазақстан қайырымдылық қорларының біріне қаржы аударуды көздеп отыр. Ал,  Николас Кейдж отандық режиссердың жобасына қызуғышылық танытты. Айта кетейік, «5 құрлық» кинофестивалі аясында балаларға арналған 14 елдің туындысы көрермен назарына ұсынылды. Евразия конфестивалі шілденің 28-не дейін жалғасады.


Новости партнеров