|
09.07.2018 | 19:23
3882

Алматыда бірқатар көшеге біржақты көлік қозғалысы енгізілді

Алматыда бірқатар көшеге біржақты көлік қозғалысы енгізілді

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айынан  бастап қаладағы бірқатар көшелерге біржақты көлік қоғалысы енгізіледі. Әуелі Мақатаев көшесі Қалдаяқовтан Мұкановқа дейінгі батыс бағытта, кейіннен Гоголь көшесі Әуезовтен Қалдаяқовқа дейінгі шығыс бағытта бір жақты қозғалыс болады.

Сондай-ақ, Бөгенбай батыр көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Масанчиге дейін шығыс бағытта. Қарасай батыр көшесі батыс бағытта Масанчидан Розыбакиев көшесіне дейін, Мұратбаев көшесі бойымен Райымбек даңғылынан Шевченко көшесіне дейін оңтүстік бағытта, Шәріпов көшесі Абай даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін солтүстік бағытта бір жақты қозғалыс болып өзгереді. Мұндай өзгеріс жолдағы апатты жағдайларды қысқартуға, негізгі магистралды көшелерде көлік жүктемесін төмендетуге ықпал етеді.  

Гоголь, Мақатаев және Қабанбай батыр көшелері бойында қоғамдық көліктер үшін арнайы жолақ жасалады, соның арқасында кедергісіз  көлік қозғалысы қамтамасыз етіледі.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир