Діттеген жерге жетудің тиімді жолы жасалды

Діттеген жерге жетудің тиімді жолы жасалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Діттеген жерге жетудің тиімді жолы жасалды. Халықаралық жарысты ұйымдастырушылар Алматы көшелеріне спорт нысандарына жол көрсететін белгілер мен арнайы тақшайшалар орнатты. Бұл әсіресе шет елдіктер мен өзге өңірден келген қонақтарға көп көмек болмақ.


Студенттер арасында өтетін қысқы ойындарға дайындық қызу жүріп жатыр. Универсиада қарсаңында қала көшелері қосымша 300-ден аса навигациялық жүйемен толықты. Жол белгілері - өтетін жарыс логотипі мен спорт нысандарының пиктограммалары бар арнайы алдын ала мақұлданған дизайннан тұрады. Яғни қалаға келген әрбір мейман, аталмыш тақтайшаның көмегімен діттеген жеріне беттей алады. 


«Универсиада ойындарына қатысатын спортшыларға және де техникалық делегаттарға қолайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз қосымша бағдаршам қойдық. Ол Алматы қаласының Момышұлы көшесінің бойында атлетикалық қалашық пен «Алматы аренаның» ортасында орналасқан»,- деді "Универиада-2017 дайындық және өткізу дирекциясы" директорының орынбасары, Дидар САҒАДИЕВ.


Жол белгілері қаланың көп қозғалысты бағыттарына, яғни темір жолдар мен демалыс орындарына, спортшылар мен қонақтардың тұрғылықты жерлеріне орнатылды. Универсиада қатысушыларының 90 пайызы тікелей Алматы әуежайы арқылы келеді деп күтілуде.


«Универсиадаға дайындық барысында әуежайдағы тақтайшаларды ауыстырдық. Олар жолаушыларға қайда, қалай бару керек екендігін көрсетеді. Сондықтан, біз бәрін тиісінше жөнге келтірдік»,- "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ жедел басқару басқармасы директорының міндетін атқарушы, Бақытхан ӘБДІРАСІЛОВ.


Сонымен қатар, навигация жүйесіне медицина мекемелері, яғни қалалық №4-ші, 7-ші клиникалық ауруханалар, шұғыл жәрдем көрсету орталығы мен қаланың орталық ауруханасының бағыты көрсетілген екен. Белгілердің барлығы универсиада нақышымен әрленген. Көшелердегі өзгерістер алматылықтардың да көзінен таса қалмапты. 


Дүбірлі дода басылып, қысқы ойындар аяқталған соң да аталмыш кестелер Универсиаданың мұрасы іспеттес күй кешпек. Қала туризмін дамыту мақсатында қойылған белгілер мен тақтайшалар алынбайды.


Назкен Байтілес, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров