Алматыда жыл басынан бері 60-қа жуық балабақша ашылған

Алматыда жыл басынан бері 60-қа жуық балабақша ашылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жыл басынан бері 60-қа жуық балабақша ашылған. Оның бірі 180 балаға арналған №3 Алтынорда Шұғыла мектепке дейінгі білім беретін мекемесі. Қазір онда жөндеу жұмыстарының соңғы кезеңі аяқталып қалды. Ал 2 қыркүйек күні балдырғандарға арналған тағы бір бөбекжай пайдалануға берілмек. Бүгінде мемлекеттік балабақшадан гөрі жекеменшік бөбекжайлар қатары көбейген. Ал қазірдің өзінде аталған салаға жіті назар аударатын инвесторлар саны да артып келе жатқан көрінеді.  Тіпті еліміздің өзге қалаларынан келіп, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Алматыда өз кәсібін дөңгелетіп отырғандар қатары да толыққан.

«Ертеңгі біздің келешек ұрпақ үшін осы жұмысты білім жанашыры ретінде осындай қадамға бардым. Осы бүгінгі күнге дейін 5 жоба іске асты. 4 балабақша 1 мектепке инвестор болым. 4 балабақшада 1080 бала тәрбиеленуде. 350-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылды», - деді  кәсіпкер Сейітқали АЛШЫНБАЕВ.

Айта кету керек, №3 Алтын орда Шұғыла балабақшасында әзірге 60 бала тіркелген. Ата-ана ай сайын 30 мың теңге төлеуі шарт. Бұл жобаны іске асыру үшін 350 млн теңге жұмсалған көрінеді. Жасалған жұмыстар аясында  70 жаңа жұмыс орны ашылыпты.

«Біз балаларды қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тәрбиелейтін боламыз. Алғашқыда 2-3 жастағы «Бөбек» топтарында бүлдіршіндер қазақ, орыс тілдерінде сабақ алса, 4-тен 6 жасқа дейінгі балалар мектепке даярлау мақсатында 3 тілде барлық сабақтарды оқытатын боламыз», - деді  балабақша меңгерушісі Чинара ТӨЛЕҒАЗИЕВА.


Новости партнеров