Астанада ІІД қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күресек

Астанада ІІД қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күресек
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Қылмыссыз болашақ. Елорданың Ішкі Істер департаменті қызметкерлері, қалалық прокуратура, жұмыспен қамту басқармасы өкілдерімен біріге жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күреспек. Ата-ана мен жеткіншектердің басын қосқан құзырлы органдар жазғы демалыста уақытты қалай тиімді өткізуге болатындығын жеткізді. Яғни, жұмыспен қамту арқылы жалақы төлеу көзделген. Сонымен қатар, жұмыс беруші жауапкершілігі мен оқушылардың құқығы түсіндірілді.

Кәмелетке толмаған жастар арасындағы қылмыс деңгейін төмендету мақсатында қолға алынған жаңа жоба ең алдымен жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған. Жиынға аз қамтылған отбасынан шыққан жеткіншектер, ұрлы-қарлық үшін тізімге ілінген жеткіншектер мен қарапайым отбасы мүшелері де жиналыпты. Кездесуге келген Сұлтан Маратұлы мұндай бас қосуға жиі келіп тұрады екен. Жас та болса, өзгелерге үлгі етерлік. Себебі, қазірдің өзінде жеке бизнесін бастап, ата-анасына қолғабыс етіп болып отыр.

«Мен 10-сыныпты бітірдім. Бүгіннің өзінде үлкен сауда орталығында 3 орным бар. Кофе дайындап беретін құрылғылар орнатқан болатынмын. Айлық жалақыға қарамаймын.Себебі, бір күннің ішінде 15000 теңге көлемінде пайда түсіп отырады.Ата-анама көмектесемін. Әрі, басқа бос уақытымды спортқа арнаймын. Өзіңе сенімді болсаң, жақсы жетістіктерге жетуге болады»,- деді Оқушы, Сұлтан МАРАТҰЛЫ.

Сұлтан өзгелерден ерекше болып шықты. Қылмыспен тапқан қаражаттан, еңбекпен тапқан 1 теңге артық деген пікірде. Дәл осы қарқынмен кездесуге келген жастар саны аз болмады. Барлығы дерлік, жалақысы аз болса да, екі қолға күрек болғанын қалайды екен.  Әрине, кәмелеттік жасқа толмағандықтан бұл бағыт құзырлы орындардың қолында болмақ. Жұмыс беруші тараптың да жауапкершіліг арта түседі.

«Бүгінгі таңда, 230 жуық кәмелетке толмаған балалар бұзақылық әрекеттері үшін тізімге ілінген. Біз өз тарапымыздан қылмыстық деңгейді төмендету үшін оларды жұмыспен қамтуға септесуге бар күшімізді салып отырмыз. Мұндай кездесулер жиі өтеді. Әрі, жұмыс беруші тараптың да айтарлықтай жауапкершіліг бар. Бала 4 сағат көлемінде ғана жұмыс істей алады. Одан артық аспауы тиіс",- деді ІІД Ювеналдыполиция бөлімінің басшысы, Самал АХМЕТ.  

Аз қамтылған отбасынан шыққан жеткіншектер мен ата-аналарына даяшы , қағаз тасушы, көмекші сынды жеңіл желпі жұмыстарды атқару ұсынылып отыр. Жергілікті билік одан бөлек тегін техникалық білім алып, кәсіби деңгейді көтеруге мүмкіндік беруде. Әрі, жұмыстан бас тарқан кез-келген оқушы тегін демалуға болатын жазғы демалыс орталықтарына жолдама алады екен. Биылдың өзінде қала шеңберінде 60 бала тынығуға кетіпті.

«Мына бейне түсірілімнен сабақ алған дұрыс. Сіздердің 12 мүшеңіз сау. Жұмыс істеуге мүмкіндіктеріңіз бар. Балаларға айтарым, біз сіздерді жұмыспен қамтуға ұмтылып отырмыз.Мемлекет тарапынан да қолдау аз емес. Балалардың жалақысы 42000 теңге көлемінде. Бұл қаржы сіздерге күзгі оқу маусымына дайындалуға кішкене де болса, көмектеседі деген пікірдеміз. Тек ниет болса болғаны»,- деді «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры, Олжас ОМАР.

Жиын ұзаққа созылмады. Бірақ, өте қызу талқымен өтті. Кездесу соңына таман, балалар өздеріне маңызды деген сауалдарына жауап алды. Әрі, заң аясын бұзбай, дұрыс бағытта пайда табудың жолдарына қанық болды.

Назым Мәлікқызы, Олжасбек Мәденов, «Алматы» телеарнасы,  Астанадан




Новости партнеров