Елбасы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті

Елбасы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұрсұлтан Назарбаев Корей елінің Ұлттық Ассамблея төрағасымен жолықты. Кездесу кезінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар талқыға салынды. Осы күні қос мемлекет арасындағы алыс-беріс көлемі 2 млрд долларға жуықтапты. Тараптар сауда-саттықты одан әрмен нығайтып, цифрлық технология, индустрияландыру және медицина салаларын бірлесіп дамыту туралы келісімге келді.

«Сіздердің тауарларыңыздың біздің елге Ляньюньган порты арқылы келіп жатқаны қуантады, онда біздің логистикалық терминалымыз бар. Қазақстан Кореямен жаңа және цифрлық технология, индустрияландыру, медицина және басқа да салаларда ынтымақтастық орнатуға ниетті», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Осы тұста, Ұлттық Ассамблея спикері өткен ғасырдың 30-шы жылдары қазақ жеріне жер аударылған кәрістерге қол ұшын созып, өзектен теппеген біздің елге алғыс білдірді. Корейлік делегация былтыр Астанада өткен ЭКСПО халықаралық көрмесі және Алматыдағы қысқы Универсиаданың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы серіктестік одан әрмен дами түсетініне сенім білдірді.

«Екі ел арасындағы байланыс стратегиялық сипатта дамып келе жатыр. «Қазақстан-2050» даму жоспарын ілгерілету үшін Корея Қазақстанға серіктес болуға дайын. Қазірдің өзінде қос ел үкіметі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып үлгерді», - деді   Корея Республикасының Ұлттық Ассамблея төрағасы Чон Се ГЮН.


Новости партнеров