Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Серікбай Қажы Оразды қабылдады. Кездесу барысында президент Бас мүфтиді жаңа қызметіне тағайындалуымен құттықтап, білікті имамдарды көбейтуді тапсырды. Сонымен қатар, дін істер және азаматтық қоғам министрлігінің елімізде ислам дінін ретке келтірудегі жұмысының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, елбасы жаңадан қабылданып жатқан заңдарды халыққа кеңінен түсіндірудің қажет екенін айтты. Теріс ағымда жүрген азаматтарды дәстүрлі дінге қайтаруда көп жұмыс істеу керек, сол үшін жақсы маман дайындау қажет, - деді президент.
«Сіздер білікті имамдар, оқымысты адамдар өздеріңнің біліктіліктерің арқылы, құранды жіті білгеннің арқасында, хадистарды білгеннің арқасында сол жолдың не екенін түсіндірмесек жастар онын бәрін қайдан біледі? Сондықтан, кейбір заңнамалар актілеріне, діни қызмет бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгіземіз деп отырмыз. Оның барлығы заманға сай болу керек, дінге қысым болмау керек ешқандай»,- Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.