Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурорға және Ішкі істер министріне әйгілі спортшы Денис Теннің өліміне қатысты тергеуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қайрат Қожамжаров пен Қалмұханбет Қасымовқа тергеу шараларын егжей-тегжейлі әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылды» – делінген ресми хабарламада.
Еске салсақ, әйгілі фигурист, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, халықаралық турнирлердің сан мәрте жеңімпазы Денис Тен 19 шілдеде пышақ жарақатынан Алматыда көз жұмды.
Денис өзінің көлігінен бүйір айнаны ұрлауға әреккеттенген ұрылардың үстінен түскен. Сол жерде ұрыларға қарсылық көрсетіп жатқан сәтте, күдіктілердің бірі оған пышақ сұғып алған. Дәрігерлер спортшының өмірі үшін қанша арпалысқанымен, ол ауруханада көз жұмды. Денис Тен 25 жаста еді...