|
24.05.2018 | 21:24
2884

ҚР Президенті кәсіпкерлік қызметке қатысты заңға жария түрде қол қойды

ҚР Президенті кәсіпкерлік қызметке қатысты заңға жария түрде қол қойды


Бүгін Елбасы кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі заңға жария түрде қол қойды. Енді елімізде кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау функциялары 30 пайызға дейін қысқарады. Сондай-ақ табиғи монополиялар мен квазимемлекеттік сектор тарапынан көрсетілетін қызметтер реттелетін болады. Толықтырулар мен өзгерістер енгізілген құжатта заңбұзушылықты болдырмау үшін оның алдын алатын профилактикалық бақылау институтына да баса мән берілмек.

Мемлекет басшысы 14 кодекс пен 109 заңға шамамен 1 мыңға жуық өзгеріс енгізілгенін атап өтті. Бұл бизнесті дамыту үшін мейлінше қолайлы жағдай қалыптастыру жөніндегі мемлекеттің басты стратегиялық бағытына толық сай келеді. Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта іскерлік белсенділікті күшейту және жұртшылықты кәсіпкерлікпен айналысуға тарту үшін барлық мүмкіндікті пайдалану аса маңызды екеніне мән берді.

«Көптеген кәсіпкерлер табиғи монополия мен квазимемлекеттік сектор субъектілері бизнеске бекітілген салықтан көп алым салады деп шағымданады. Бұл жүйеге қосу, тасымал сынды қызметтерге қатысты. Себебі бұл қызмет түрлері толық реттелмеген еді. Ал қабылданған заң жобасында барлығы көрсетіледі. Табиғи монополия субъектілері қандай құжат талап етуі керектігі де нақты белгіленген. Сондай-ақ заңға Дүниежүзілік банктің дуинг бизнес рейтингіндегі еліміздің позициясын жақсартуға бағытталған өзгерістер енгізілді», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ.

«Бүгінгі заңды айта кетсек, бұл Елбасының тікелей тапсырмасымен жасалған заңда өзгертулер болды. Ол 5 тарапты қамтиды. Ең бастысы, бірінші, ол мына тексеру саласына қатысты. Тексеру саласында 30-ға жуық тексеру қысқарады, мыңға жуық тексеретін адамдардың штаты қысқарады және кәсіпкерлерге көрсетілетін қысым 50 пайызға төмендейді деп күтіліп отыр. Бұл, әрине, отандық кәсіпкерліктің дамуына үлкен ықпал жасайды. Тағы бір сауалды айтсақ, кәсіпкерлердің табиғи монополияда компаниялармен қарым-қатынастары реттелетін болып отыр. Ол мына инфрақұрылымға қосылу саясаты, солардың тарифіне байланысты. Бұл да көптеген шағын және орта бизнесті ойландырып жүрген мәселе болатын. Сондықтан бұл салада жеңілдіктер жасалады», - деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай МЫРЗАХМЕТОВ.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир