30-шы жылдары қуғынға ұшыраған қазақтар туралы фильм түсірілмек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бойымызда қазақтың қаны болғанына қуанамыз. АҚШ-тан нағашы жұртын іздеп келген ауған патшасының ұрпақтары осылай деді. 10 жасында туған жерінен  еріксіз жырақ кетіп, бүгінде Американың Вирджиния штатында тұратын 102 жастағы Әсия Сардарбекқызына арнамыздың тілшілері осыдан үш ай бұрын  арнайы барып келген еді. Ғасыр жасаған қарт ананың өзі келе алмасада, екі қызын жіберіпті. ¤¤

63 жастағы Әмина Амири Әсия апамыздың екінші қызы болса,70 жастағы Рона тұңғышы. 1979 жылы Кеңестің баскесерлері ауғанстанның патша тұқымына қырғидай тиіп, шабуыл жасағанда аналарымен бірге еріксіз елін тастап, шекара асқан.

¤«Қазақстанның коммунистерден босап шыққанына қуанамыз. Анамыз туған елін, жерін үнемі айтып отыратын. Біз бала күнімізде неге айта береді деп түсінбеуші едік, кейін өзіміз қудаланып, ауғаныстаннан амалсыз қашқанда анамыз айтатын сөзддердің маңызды екенін бірақ түсіндік. Бұрын біздің жарты қанымыз қазақтікі деп мақтанушы едік. Осында келген соң қазақтармен туыс екенімізді түсіндік», - деді ¤Ә. Сардарбекқызының қызы Әмина АМИРИ РАХМАН.

Биыл арнамыздың түсіру тобы алыстағы дүние жүзі қазақатрының құрылтайына орай қазақ қызын арнайы іздеп барған еді. Артынан іздеген адамдардың келгеніне қуанған Әсия Сардарбекқызы өзі келе алмасада, балаларына елін барып көріңдер деп аманаттапты.

¤«Анамның туған жерін, қазақтарды көргеніме қуанып отырмын. Ауған мен қазақ ұлтының ұқсастықтары көп екен. Енді өзімнің балаларыма да дамып келе жатқан Қазақстанды көріңдер деп кеңес беремін. Бұрын көп естісекте осы жолы тәуекел деп келдік. Туыс болғанымызға мақтанамыз», - деді Ә.Сардарбекқызының  қызы Рона АМИРИ НАССИРИ. ¤

Әминаны жас кезінде әкесі Ауғанстанның сол кездегі бай-манапы Әбди Әбу Рахманның ұлына ұзатқан екен. Ал қазір өзіде немере-шөбере көріп отырған Ронаны 19 ғасырда ағылшын басқыншылғына ауған әскерін  қарсы бастап шыққан генерал Мухаммед Хусейннің әулетіне келін атаныпты. АҚШ-та Әсия апамыздың ұрпағы аз болмасада, қарт ананың күтімі осы екі үлкен қызының мойнында.

¤«Қазағымыздың сыртта жүрседе жүрегі ел деп соққан ұлтжандылығын осындай асыл аналарымыздан көріп, Рухани Жаңғырудың бір жаңғырығы деп білеміз. Бүгінгі тәуелсіздік, бейбітшілік ұстанған бізідң мемлекетіміз, жаңағы өзі айтып отырған Президентке сәлем айтыңыз, аманатын арқалап,  аялап келген , туған ата-жұртым деп саялап келген бізідң асыл аналарымыздың сынықтары бұлар», - деді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек СМАҒҰЛ.

¤Захир, Надир шах сынды ауған патшаларының ұрпақтары қазір, әлемнің оншақты елінде өмір сүріп жатыр. Нағашылап келген қос қонақ, арманымыз бұрынғыдай  ауғаныстанда  бейбітшілк орнап, әулеттің басы қосылса деп тілейді. Ал алдағы уақытта  Әсия Сардарбекқызының өмір тарихын негізге ала отырып кеңестік жүйенің кесірінен қуғындауға ұшырап, қиындық көрген қазақтардың заманы туралы деректі және көркем фильм тісірілмек.


Әмірболат Құсайынұлы, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы  


Новости партнеров