Астанада салынып жатқан коттедждің едені құлауы салдарынан зардап шеккен жұмысшылардың жағдайын әкімдіктегілер айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға кеше, 1 шілдеде орын алған. Астанада Балқантау көшесінде салынып жатқан коттедждің қирауынан бірнеше жұмысшы үйінді астында қалған еді. Олардың бірі 1970, екіншісі 1983 жылғы ер адамдар. Кейінірек құтқарушылар үшінші жұмысшыны үйінді астынан шығару жұмысын жүргізді.
«Зардап шеккендер бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты, орта деңгейде жарақат алған. Медициналық көмек барлығына толық көлемде көрсетілді. Зардап шеккендер профильді бөлімшелерге жатқызылды, олар политравма алған», – деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.