Астана мен өңірлердегі театр студияларына шолу

Астана мен өңірлердегі театр студияларына шолу
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен жолы мен сіздерге Алматыдағы театр студиялары, актерлік шеберлік курстары және әуесқой театрлар туралы айтқан болатынмын. Ал бұл жолы Астана мен Қазақстанның өзге өңірлеріндегі театрлар жайлы сөз қозғамақпын. Еліміздегі театрлардың үштен бір бөлігі Алматыда шоғырланғандықтан, басқа қалаларда олардың саны аз. Десе де, баршылық.


Астана: Плэйхаус Аттракцион

Астанадағы «Аттракцион» әуесқой театры атақты бродвейлық мюзиклдарға мамандандырылған. Ол 2010 жылы Еуразиялық ұлттық университет негізінде құрылған. Кірпіші қаланған күннен бастап олар аты аңызға айналған ондаған қойылымдарды көрермендерге көрсетті: «Чикакго», «Август: графство Осейдж», «Красавица и Чудовище», «Злая», «Продюсеры» және т.б. «Аттракционның» тұрақты қатысушыларынан өзге әр премьера алдында  спектакльдерге талантты еріктілер шақырылады – театр ашық түрде кастинг өткізеді. «Аттракционның» көркемдік жетекшісі - Ильяс Даньяров.

8 (701) 995 7995

teatr.attrakcion@mail.ru



Астана: PVE Production

PVE Production актерлік шеберлік академиясы Pve prod кинокомпаниясының жанында жұмыс істейді. Курста актерлік шеберлік, шешендік өнер, сахналық шайқастар, театрлық қойылымдар, кәсіби импровизация, сондай-ақ өтірікті тану теориясы мен алдау психологиясы бойынша сабақтар өтеді.

Педагогтар: Жанболат Хайруллин, Андрей Белавин, Дана Буралкиева, Ақжол Егімбаев, Бегайымзада Қожахметова.

8 702 493 1826


Астана: Art masters+

Art masters+ - бұл балалар мен ересектерге арналған актерлік шеберлік студиясы. Оқу аяқталғаннан кейін түлектерге спекталкьдер,тележобалар, сериалдарда жұмыс істеу ұсынысы жасалады. Студия оқытушыларының мақсаты – әртіс ретінде өзін сынап көргісі келген адамдарға көмектесу. Студияда актерлік шеберлік, сахна сөзі (сөз мәдениеті), сахнадағы қозғалыс үйретіледі. Студия педагогтары - Гүлнар Сабитова, Оксана Галаганова және Мария Смолинская.

+7 (701) 367-22-98


Қарағанды: Dram Musiс Fashon

Dram Musiс Fashon театр классы балалар өнер мектебі жанында жұмыс істейді. Класс осыдан төрт жыл бұрын құрылған. Осы уақыт арасында бес спектакль және екі мюзикл жасалды. Оқушылар Ресей, Италия және Францияда өткен балалар шығармашылығына арналған халықаралық сайыстарына қатысқан. Dram Musiс Fashon ұйымдастырушысы және жетекшісі – театр және кино актрисасы, Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік драмтеатрдың бас режиссері - Александра Большакова.



Қарағанды: ТеатRoom актерлік шеберхана

Шеберхана өмір мен сахнаға арналған актерлік шеберлік негіздерімен таныстыруға, шығармашылық әлеуетті дамытуға, ішкі басыбайлылықтан босатуға, есте сақтау қабілетті арттыруға бағытталған. Курс бағдарламасында – актерлік шеберлік, сахна сөзі, фототренинг бар. Сабақ 12-18 адамнан құралған топтарға өтеді. Топтар жас шамасына қарай бөлінеді. ЖОО-дағы театр факультетіне түсуді немесе киносынамадан өтуді жоспарлағандарға жеке дайындық ұйымдастырылады. Сабақ аптасына 2 рет 60 минуттан өтеді.  ТеатRoom өзінің оқушыларына студия сахнасында, сонымен қатар, қала алаңдарында тәжірибе өткізеді. Педагогтар – актриса, жүргізуші және сценарист Светлана Белавина және актер, тележүргізуші, модель Андрей Белавин.

8 707 780 73 48

8 701 415 41 18

8 776 580 73 48 (whatsapp)



Семей: Glueck театр студиясы

Glueck театр студиясы (немісше – «қуаныш») «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің көмегімен 2015 жылы құрылды. Ұжым тарихы «Депортация. История одной немецкой семьи» атты спектакль қойылымынан бастау алды және қазіргі таңға дейін жалғасын тауып келеді. Алматыда Гете-институтуты ұйымдастырған Deutsch auf der Bühne фетиваліне Лютц Хюбнер пьесасының желісімен қойылған Creeps спектаклімен қатысып, гран-при ұтып алды. Жоспарда - неміс драматургиясының туындылары бойынша жаңа спектакльдермен жұмыс істеу. Педагог – режиссер – ЕМТИ түлегі, Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің көркемдік жетекшісі (2013 жылға дейін) Инна Семененко.

+ 7 777 243 46 18



Семей: «Четвертая стена» театр студиясы

«Четвертая стена» 2015 жылы Семейдегі балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық сарайының қасында іргесі қаланды. Студияда төрт түрлі жас топтары жұмыс істейді. «Четвертая стена» оқыту процессінің басты мақсаты – театрдың көмегімен білім алушылардың өзін-өзі жеке басын куәландыру. Актерлік шеберлік, сана сөзі тереңдетіліп оқытылады. Жеті спектакль қойылды. Йенс Рашке пьеса желісімен «А рыбы спят?» спектаклі жақын арада көрерменге жол тартпақ. Педагог – режиссер – ЕМТИ түлегі, Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің көркемдік жетекшісі (2013 жылға дейін) Инна Семененко.

+ 7 777 243 46 18



Теміртау: «Арлекин» балалар студиясы

«Арлекин» балалар театр студиясы теміртаулық ТЮЗ жанында жұмыс істегеніне міне бес жыл болды. 7 мен 14 жас аралығындағы балаларға жетекші актерлер актерлік шеберлікті, сахна сөзін, пластиканы үйретеді. Студияда білім алушылар бірнеше жеке спектакльді көрермен назарына ұсынды. Оның ішінде  «Веселый Роджер» және «Причуды Любви» Лопе де Веги ертегілері де бар. Алдағы жоспары - «Муха-Цокотуха» және «Евгений Онегинді» көрсету. Студия педагогтары – ТЮЗ актерлері Олег Керимов және Евгения Тесля-Ярцева.

8 (7213) 93-43-47

tem-tuz@mail.ru


Павлодар: «Промень» жастар театры

«Промень» жастар театры «Полоний» поляк қоғамының қолдауымен 2000 жылдардың басында ашылды. Кейін қоғамдық жастар қозғалысы болып ресми түрде тіркелді. Театр жылда 5-6 спектакль шығарады. Күзде театр студиясына театр негізінде 50 адамға дейін түседі, олардың 7-8-і курс аяқталғаннан кейін «Променя» труппасына кіреді. Студенттерге актерлік шеберлік, сахна сөзі, әлем өнері және өзге де дисциплиналар бойынша сабақ өтеді. Директор әрі көркемдік жетекшісі - Денис Аверьянов.

8 (7182) 78-39-85


Ақтөбе: қуыршақ театрының жанындағы «Алақай» балалар студиясы

Ақтөбедегі қуыршақ театрының жанындағы «Алақай» балалар студиясының жұмыс істегеніне үш жыл болды. Ал облыстық театрдың өзі 1985 жылы ашылған. Студия педагогы – Ахтанов атындағы Ақтөбе облысы драмтеатрының режиссері Любовь Тормышева – өзінің оқушыларын әбеди театрға бағыттап, классикалық кітаптарды оқуға шақырады. Оның айтуынша, өзінің курсінда ол «Образ» атты алматылық студия моделін таратады.

8 (713) 250 2599





Мәтін: Ольга Малышева, театр сыншысы

Аударған: Меруерт Сағымхан

Новости партнеров