|
07.06.2017 | 12:20
1481

Алматыда мүліктерді қолды қылумен айналысқан әйелдің қылмысы әшкере болды

Алматыда мүліктерді қолды қылумен айналысқан әйелдің қылмысы әшкере болды

Алматыда тәркіленген мүліктерді қолды қылумен айналысқан азаматшаның қылмысы әшкере болды. Алаяқ әйелді Наурызбай аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері тұтқындады. 1974 жылғы Әсел Әбдуманапова есімді әйел жұрттың сеніміне кіріп, оңай жолмен пайда табуды кәсіпке айналдырған. Күдікті қылмыстарын Алматы, Шымкент және Оңтүстік Қазақстан облыстарында іске асырып келген. Тіпті елге ұялы телефон сияқты ұсақ заттардан бастап, тәркіленген автокөліктерге дейін алып бере алатынын айтып мақтанған да көрінеді.

«12 адамды алдап кеткені жайлы қазіргі таңда мәліметіміз нақты бар. Ол өзінің мүмкіндіктерін пайдаланып, мемлекетпен тәркіленген мүлікті сатып алуға көмектесемін деген сылтаумен адамдардан ақша жинаған. Әрине бұл әйелдің ондай мүмкіндігі тіпті болмаған. Өйткені ол еш жерде жұмыс істемейтін азаматша болып шықты. Қазіргі таңда бұл әйелдің бет-тұлғасы басқа да тәріздес қылмыстарға қатыстылығына тексерілуде»,- деді ІІД ресми өкілі, Салтанат ӘЗІРБЕК.





Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир