ОҚО-да биыл төртінші үшем өмірге келді

ОҚО-да биыл төртінші үшем өмірге келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері дүние есігін ашқан төртінші үшем үйіне шығарылды. Мақтарал ауданының тұрғыны Қарлығаш Қабылова жүктіліктің 35 аптасында 3 ұлын ота арқылы өмірге әкелген. Қуанышы көкке жеткен келіншек перзенттерін бауырына басқанда бар қиындықты ұмытып кеткенін айтады. Дәрігерлердің сөзінше, айы-күніне жетпей туған бөбектердің жағдайы алғашында ауыр болған. Сондықтан жан сақтау бөліміне жатқызылып, ерекше күтім жасаған.

«Үшеуі әлі онша ұқсамайды. Үш түрлі сияқты өзіме, білмеймін. Бірінші кездері шатасып, ажырата алмай жүрдім. Солай қиындау болып еді. Қазір ажырата аламын», - деді Қарлығаш ҚАБЫЛОВА.

«Өзін ұстауына байланысты. Нәрестелерге бүгін, міне, 12 тәулік. Жағдайлары қанағаттанарлық болғаннан кейін, ауылдарына, үйлеріне шығарып жатырмыз», - деді ОҚО №4 Перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі Жанат ҮСЕНБАЕВА.


Новости партнеров