Алатау ауданында салынып жатқан құрылыс аяқталғанда 1784 отбасы баспаналы болады

Алатау ауданында салынып жатқан құрылыс аяқталғанда 1784 отбасы баспаналы болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алатау ауданында салынып жатқан құрылыс аяқталғанда 1784 отбасы "Тұрғын үй құрылыс" жинақ банкі арқылы баспаналы болады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан құрылыс нысандарымен танысқан қала әкімі көп қабатты үйлердің жанында қызмет көрсету орталықтары да болу қажет деді. Саялы, Әйгерім-2 ықшам аудандарын аралап, бағдарлама бойынша жұмыс істеп жатқан басшыларға тапсырма берді. Қала жетекшісі футбол алаңы мен 7 мың намазхана сиятын мешіттің құрылысымен де танысты.  

Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқан өңірдің бірі Алатау ауданы. Бұл өңірде қазір  жалпы аумағы 59 мың шаршы метрден асатын 1 мың 56 пәтер салынып жатыр. 11,12 қабатты тұрғын үйлер келесі жылы көктемде толық аяқталып, үлестірілуі тиіс.  

Қазірдің өзінде шағын қалаға айналған өңірдің бірі Саялы ықшам ауданы. Құрылысы біткен баспаналардың біразы осы уақытқа дейін иесін тапса, күзге дейін тағы жүзден астам пәтер кезекте тұрған қала тұрғындарына табысталады. Тек Әйгерім-2 ықшам ауданының өзінде  9 қабатты 14, 12 қабатты 8 үй салынып жатыр. «Туған жер» және «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында басталған осы ауқымды жұмыстар аяқталғанда тек бір "Тұрғын үй құрылыс жинақ" банкі арқылы 1784 отбасы жаңа үйге көшеді.

«Бұрын бір рет үй алса болды бермейтін. Қазір мына жерде басқаша. Бес жыл пәтері болмаса, 2 жыл қалада, алматылық болса, тіркелсе онда ақшаны жинаса бағдарлама бойынша пәтер ала алады. Сапасын қарап жатырмызғой, ия»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.

4 санаттағы пәтерлер екінші деңгейлі банк арқылы 5 пайыздық үстемемен 23 жылға дейін ипотекаға беріледі. Су, газ, жарық сынды коммуналдық қызметтер толық қамтамасыз етілген. Құрылысты жүргізген компанияларға балалар алаңы, автотұрақтарды салуда міндеттелген. Нұркенттегі үйлерді тұрғызып жатқан компания 640 бүлдіршін сиятын екі балабақшаны тару ететіндерін  айтты. Бұдан бөлек  Қала әкімі 7 мың орындық мешіттің жұмысыменде танысты. 75 метрлік мұнарасы бар Момышұлы көшесінінің бойындағы мешітті құрылысы үш жылға жоспарланған. Қала әкіміне дәрігерлер мен жаттықтырушыларға арналған орындарымен қоса қамтылған футбол алаңының орны да көрсетілді.

Әмірболат Құсайынұлы, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы  


Новости партнеров