Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева елге оралды

Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева елге оралды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

23-ші Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева елге оралды. Спортшыларды бірнеше БАҚ өкілдерімен туыстары, достары Алматы әуежайынан қарсы алды. 

Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерін журналистерден бөлек, туыстары мен достары, ет жақындары Алматы әуежайынан күтіп алды.  Әзірге Қазақстан қоржынындағы жалғыз медальдің иегері Ақ Олимпиаданың оңай болмағанын айтады.

«Осы Олимпиадада жанкүйерлердің тарапынан қолдау басқа жарыстардан қарағанда мықты болды. Бізді қолдауға барғандар «Алға Қазақстан» деп қолпаштағанда, жеңіске деген ұмтылыс еселене түсті. Бірақ әттең қола алып қалдым. Алайда, бұл медаль мен үшін өте құнды. Әрине, алтын алам деп бардым ғой, мойнымдағы қола да әзірге ең қымбат жүлде болып тұр», - деді ХХІІІ Қысқы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия ГАЛЫШЕВА.

Юлия Галышева екі күннен кейін Жапонияға аттанбақ. Онда әлем чемпионаты болады. Спортшы жазға дейін түрлі сайыстарда өнер көрсететінін жеткізді. Юлия осы олимпиадада жарақатымен шығыпты. Содан-ақ оның жеңіске деген ұмтылысын байқауға болады,-дейді жаттықтырушысы.

«Юлия бұл жарысқа тыңғылықты дайындалды. Оған алғысымды білдірем. Менің үйреткендерімнің барлығын дұрыс орындап шықты. Әрине, алтын алмағаны өкінішті. Бірақ осының өзін қанағат тұтып отырмыз. Келесі Олимпиадада алтын алады деген үміттеміз», - деді Ю. Галышеваның жаттықтырушысы Елена КРУГЛЫХИНА.

Ал Қазақстан осы Олимпиададан алтын күткен Денис Тэн жарыс жолында сүрінді. Ол мұнысын майда жараққатарының көптігімен түсіндірді. Ауруынан сауықпай жатып, жарыстарға қатысуыма тура келді, дейді. Енді біраз емделіп, әлем чемпионатына дайындалатынын айтты.

«Мен осы Олимпиадаға қатты қатысқым келді. Сондықтан жарақаттарымды асығыс емдеп, толық айыға алмадым. Енді бір аптадай аяғыма ине қабылдаймын. Жарақаттарымнан толық жазылуыма уақыт жетеді. Алда әлем чемпионаты. Сол жарысқа дайындалуым қажет», - деді Сочи-2014 Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис ТЭН.

Еске салайық, Ақ Олимпиада ақпанның 25-не дейін жалғасады. Еліміздің мәнерлеп сырғанаушылары айдынға шығады. Бар үміт қалған спортшыларда. Әзірге жалпы есепте Қазақстан 26-шы орында тұр.

Өмір Әнуарбек, Мұрат Тайжан, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров