Ақша бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

Ақша бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысы ІІД полицейлері бопсалаушылыққа күдікті 6 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Ұсталғандар жәбірленушілерден ақша бопсалаған Түркістан облысының, Шымкент және Астана қалаларының тұрғындары болып шықты. Қылмыстық топтың автокөліктерді иелену мақсатымен бірнеше бопсалау жайттарына қатысты екені белгілі болды, деп мәлімдеді Түркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Тергеу барысында анықталғандай, 2015 жылғы ақпанда қылмыстық топ мүшелері Мақтаарал ауданының тұрғынына күш көрсетіп, қарыз ақшасын қайтарып беру керек деген сылтаумен ақша талап еткен. Олар жәбірленушіні қала сыртына апарып, күштеп «БМВ» көлігін ақшаға қайтарып береміз деп алып қойған, ал бір айдан кейін тағы бір «ВАЗ» автокөлігін алып, артынан сатып жіберген.

Ал сол жылдың шілде айында қылмыстық топ осылайша ақша бопсалап, Шымкент қаласының тұрғынына шабуылдады. Күдіктілер жәбірленушіні ұрып-соғып, қарумен жарақаттап, «Ауди» көлігін алып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Аталған жайттар ҚР ҚК бірнеше баптарымен, соның ішінде «бопсалаушылық», «адам ұрлау» сияқты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Түркістан облысының полицейлері Үш жыл бойы барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Сәтті жедел-тергеу шаралары барысында Түркістан облысы ІІД полицейлері бопсалаушылардың ізіне түсіп, қамауға алды.

Қазіргі таңда Түркістан облысы ІІД Тергеу басқармасы күдіктілерге қатысты жиналған материалдармен және айыптау актісін сотқа жолдаған.


Новости партнеров