Алматының Жетісу ауданында биыл 94 аула жаңартылмақ

Алматының Жетісу ауданында биыл 94 аула жаңартылмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының Жетісу ауданында биыл 94 аула жаңартылады. Бұл туралы есептік кездесуде Жетісу ауданының әкімі Мұхтар Тәжібаев айтып берді. Ал, аудан тұрғындары Бөкейханов көшесінде аялдаманың аз екенін айтып, аталған жолды «бір жақты» қозғалыс етуді ұсынды. Сонымен қатар, "Ялян" базарына шығатын Маркелов, Луговской көшелерінің қашан кеңейтілетінін сұрады. 
«Қазір бүкіл ауданда 39 гектар жерде қазір 10 бригада жүр. Анандай GPS деген бар. Сонымен жүріп, қазір маған карта жасап жатыр. Ол картаға кім қай жерді захват жасағанын барлығы көрінеді. Құдай қала осы жылы ол жоба шығып, проектке барлығын енгізсем, көшелерді ашамыз, заборларды алғызамыз, захват жасаған адамдардың барлығын. И сол кезде асфальт, освещение, тратуар мүмкіндік болса, оның барлығын жасаймыз. Бірінші карта жасап алу керек»,-деді Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі, Мұхтар ТӘЖІБАЕВ.
2017-ші жылы жергілікті әкімдікке тұрғындардан мыңға жуық өтініш түскен. Оның 171-і шешімін тауыпты. 500-ге жуығына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,  242-сі кері қайтарылған. Бүгінде аудан әкімдігінде тәулік бойы қызмет істейтін уатсап нөміріне кез-келген азамат сауалдарын жолдай алады. 

Новости партнеров