|
25.01.2018 | 17:26
7269

Алматыда танымал актриса Хадиша Бөкееваға арналған ескерткіш тақта қойылды

Алматыда танымал актриса Хадиша Бөкееваға арналған ескерткіш тақта қойылды

Алматыда сахна саңлағы, майталман актриса Хадиша Бөкееваға арналған ескерткіш тақта ашылды. Театрда 100-ден астам бейнені сомдаған тұлғаның есімін мәңгі есте қалдыру үшін қойылған тақта оның өзі тұрған үйінің қабырғасына ілінді. Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысынан жерлестері, достары мен көзін көрген шәкірттері жиналды. Саналы ғұмырын театр өнеріне арнаған оны әріптестері ыстық ықыласпен еске алды. Қаперде болса, осыған дейін Батыс Қазақстан облыстық драма театрына Хадиша Бөкееваның есімі берілсе, әкем театрда "Театр көктемі-2017" фестивалі атақты актрисаның атына арнап өткізілген болатын.

«Ұлы қазақтың қызы. Балақай, балақай деп біздерге бала тұтушы еді. Қамқор еді. Алғаш келген кезде қалай жүріп, қалай тұруды Хадиша апай өзі. Өзгеге ұқсамайтын мінезі бар еді. Таза, кіршіксіз таза адам еді»,-деді Қазақстанның халық әртісі, Асанәлі ӘШІМОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир