|
03.09.2018 | 10:52
1633

Павлодарда бір түннің ішінде есік-терезелері жабылмаған 21 автокөлік анықталды

Павлодарда бір түннің ішінде есік-терезелері жабылмаған 21 автокөлік анықталды

Павлодар қаласындағы тұрғын үй аулаларын тексеру барысында жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері есіктері мен терезелері жабылмаған автокөліктерді анықтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше полицейлер аулаларды аралап жүріп, бір түннің ішінде есіктері ашық қалған 21 көлік құралын тапқан. Тіпті автокөлік иелері машина кілтін тұтандыру тетігінде қалдырып кеткен жағдайлар да кездескен. Рейд қорытындылары бойынша аңқау көлік иелерімен профилактикалық сұхбат өткізілді.

Жеке мүліктің ұрлануы мен автокөліктің зақымдануы қаупін азайту мақсатында полицейлер көлік иелерін бірнеше қарапайым ережелерді сақтауға шақырды. Айталық, сақшылар автокөлікті қысқа уақытқа қалдырғанның өзінде, көлік салоны мен жүксалғыш есіктерін жабуды ұмытпауды, сондай-ақ машинада құнды заттарды қалдырмауды өтінеді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир