Елімізде алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен сахналық қойылым ойналмақ

Елімізде алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен сахналық қойылым ойналмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміз бойынша алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен сахналық қойылым ойналмақ. Мүгедектерді Ресейден келген маман мен театр әртістері дайындап жатыр.

Бәріне ортақ бір түсінік бар. Ол ым мен ишарат. Алматыда есту, көру қабілетінен айырылған адамдарға арналған шеберлік сабағы өтіп жатыр.  Шараның мақсаты - өмірге іңкәр жандардың бір сәттік арманын орындау, қоғамға үнін жеткізу.

«Бұл адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын ортасы. Инклюзивті театр Қазақстанда бұрын-соңды болмаған. Енді пайда болуда. Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі жандармен қоса өзіміздің кәсіби артистеріміз де шыңдалады. Біз оларды осындай ерекше жандармен ұғынысуға баулыймыз.  Болашақта осы саланың мамандарын даярлаймыз.  Өз оқыту әдістемемізді құрастырамыз», - деді «Откровение» халықаралық фестивалінің директоры Ольга СУЛТАНОВА.

Ең қызығы бұл ортада әрбір адам өзі туралы ақпарат беретін ишарат түрін ойлап табады. Сол арқылы өзгелермен жақын танысады. Инклюзивті театр лабораториясында мүмкіндігі шектеулі жандардарға шеберлік сабағын  өткізу үшін Ресейден арнайы маман шақыртылған.

«Мұндағы барлық қимыл, қозғалыс өзгенің назарын аудартуды көздейді. Ойлау қабілетінің дамуына көмектеседі. Олар бұл әрекеттерді жасау арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Инклюзивті театрдың мақсаты - томаға тұйық, өзімен өзі болуға бейім жандарды қоғамға қосу», - деді театр институтының оқытушысы Наталья ГАРАНИНА (Ресей, Екатеринбург).

«Осында көзі нашар көретін адамдар бар. Құлақтары естімейтін адамдар, сөйлеспейтін адамдар да бар. Сол бәріміз бірге бірдей болып осы жерде кірісеміз. Болашақта бір үлкен қойылымда бәріміз ойнайтын шығармыз деп ойлаймын», - деді Динара БҮРКІТБЕКОВА.

Бұлар өмірге 12 мүшесі сау болып туылған азаматтар. Тек тағдырдың түрлі тәлкегі мүмкіндігін шектеген. Бірақ тіршіліккке тым құштар. Өзіңді естімейтін, көрмейтін адамдардың жан дүниесіне үңіле білу оңай шаруа емес. Сондықтан осындай байланысты зерттеп , әдістемесін ойлап табу үшін жергілікті театр әртістері де бұл іске белсене кірістік, дейді.

«Осы балалардың біз сияқты кәсіби адамдармен қарым-қатынасқа бару, өзінің ішкі мүмкіндіктерін аша білуі, менің ойымша, өте пайдалы, сауапты іс. Театр дегенің ол бәрібір ойын. Бұлар жас балалар болғандықтан ойын оларға жақындау. Сондықтан да ойын арқылы адамдардың ішкі қабілеттерін аша білу өте қолайлы құрал», - деді Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі Ерлан КӘРІБАЕВ.

Бұл жобаның түпкі мақсаты - балаларды театр өнеріне баулу ғана емес, ішкі комплекстен арылтып, қоғамдық ортаға бейімдеу.

«Біз әрбір әрекетті, болмаса сөзді немқұрайлы айтатын кездеріміз болады. Ал осы адамдардың әрбір айтқан сөзі бізге түсіндірген кезде бүкіл жан тәнімен қосылып айтатындарын байқадым. Сондықтан олардан үйренетінімізден де бар екен», - деді  Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының әрітіс Ерлан КӘРІБАЕВ.

Өөткен жылдан бастауын алған дайындық шарасыныңның бұл 2 ші кезеңі. Алдағы уақытта  ментальді ерекшеліктері бар адамдарға арналған шеберлік сабағын өткізу жоспарланып отыр.  


Новости партнеров