Астанада «Үлгілі сот» жұмысы таныстырылды

Астанада «Үлгілі сот» жұмысы таныстырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада «Үлгілі сот» жұмысы таныстырылды. Фемида жүйесін дамытудың жеті бағытының біріне жататын бастамаға алғашқы болып елорданың «Сарыарқа» аудандық соты кірісті. 2300 шаршы метр аумақта 41 кабинет судьялар мен сот қызметкерлерінің құзырына берілген оннан астам сот отырысы залы бар. Барлығы да дыбыс-бейнетіркеу жүйелерімен қамтылған. Нысанда тараптарды татуластырушы, адвокат, прокурор кабинеттері мен ақпараттық дүңгіршек және екі күту залы да келушілерге ыңғайласытырылған.

«Электрондық кезек оңтайландырылды. Қазір онда адамдар қызмет түрлеріне қарай кезекке тұрады. Сотқа келе қалсаңыз, тек жеке кәулігіңізді әкеліп, арнайы құрылғыдан өткізгенде, қандай іс, қай кабинетке кіру керек екеніңізді көрсететін жүйе пайда болды. Бұрындары хатшылар түсіп, адамды көптің арасында іздейтін еді», – деді Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрағасы Арман ЖҮКЕНОВ.

Новости партнеров