3 айда Open Almaty.kz порталына 4 мыңға жуық адамнан өтініш келіп түсті

3 айда Open Almaty.kz порталына 4 мыңға жуық адамнан өтініш келіп түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Осы жылдың қыркүйек айында жұмысын бастаған «Оpen Аlmaty»-ға осы уақытқа дейін 4 мыңға жуық адамнан өтініш келіп түскен. Атап өтерлігі, тұрғындар үшін Open Almaty.kz порталымен қатар, 1308 арнайы желі де жұмыс істейді. Дәл осы call орталық тұрғындар арасында кең сұранысқа ие. Шағымдардың 60 пайызы телефон арқылы қабылданады. Қалалық әкімдіктің қоғамдық қабылдау орталығына күніне орта есеппен 30 адам келеді. Әсіресе Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарының тұрғындарының белсенділігі жоғары.

«Тұрғындардың сауалы негізінен коммуналдық-шаруашылық және пәтер иелері кооперативтерінің шалағай ісіне қатысты. Сондай-ақ денсаулық, білім беру саласы мен балабақша мәселелері тағы бар. Мамандардан кеңес алуға келушілер қатары көп. Азаматтардың шағымын қабылдап алған соң, тиісті басқарма мен жауапты қызмет өкілдеріне жолдаймыз», - деді «OPEN ALMATY» орталығының ресми өкілі Еркебұлан КЕНЖЕБОЛАТОВ.

Қазіргі таңда орталықта қалалық 5 басқарма мамандары, прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік кірістер департаменті, кәсіпкерлер палатасы мен 8 ауданның әкімдік өкілдері қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта Даму кәсіпкерлерді қолдау қоры, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мамандары да осы мекеден табылады.  Оған қоса, энергетика және коммуналдық шаруашылық, білім және денсаулық сақтау басқармасының кадрларын шақыру  жоспарда бар. 

Новости партнеров