Алматы облысында жасанды мотор майын дайындап, жұртқа саудалап келген күдікті қолға түсті. Өңір салықшылары арнайы тексеріс кезінде қоймадан 300 дана мотор майын тәркілеген.
Күдікті ер адам әлгі тауарларға танымал компания белгілерін жабыстырып, қымсынбастан кәсіпкерлерге ұсынып келіпті. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оған 700 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
«Мотор майларын Алматы облысы аумағындағы көлік дүкендеріне көтерме түрде сатып келген азамат ұсталды. Жедел-іздестіру шаралары кезінде Алматы қаласында орналасқан қойма анықталды. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді Облыстық МКД экономикалық тергеу қызметінің өкілі Жақсылық МЫРЗАХАН.