|
26.01.2017 | 11:36
10047

11 жастағы баланы өлтірді деген күдікті әйел өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

11 жастағы баланы өлтірді деген күдікті әйел өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Алматыда 11 жасар баланы асқан қатыгездікпен өлтірген күдіктілер 10, 20, тіпті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір күдікке іліккен 5 адам қамауға алынған. Қылмыстық іс бойынша тергеуді Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің тәжірибелі қызметкерлері жүргізуде. Ол аяқталған соң, іс сотқа жолданады.

«Сол қылмысқа тартылып отырған азаматтардың жауаптарына сәйкес бұл жігіттер оның алдында да келген екен және өздерінің қылмыстық ойын жаңағы Ақбердиеваның жолдасының анасын өлтірмекші оймен келген. Осы қылмысты аяғына жеткізу мақсатында аңду жүргізген бірақ олар аталған қылмыстарды аяғына дейін жеткізе алмаған. Сондықтан кейін Шымкент қаласына қайта оралған. Бұл кісілер Шымкент қаласында тұрып жатыр екен. 18-17 қаңтарда қайып келіп мынау кішкентай балаға қылмыстық ойларын ақырына дейін жеткізіп отыр», - деді Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуроры МАДИЯР БАСШЫБАЕВ.

Естеріңізге сала кетсек, Өркен Азаматұлының жоғалып кеткендігі туралы оның әжесі полицияға 19 қаңтарда шағым түсірген. Өркен Азаматұлы  Наурызбай ауданындағы саяжайлардың  бірінде өлтірілген. Жедел іздестіру шарасынан кейін қылмысқа қатысы бар деген 5 адам 21 қаңтарда қолға түсті. Ресми өкілдің мәлімдеуінше, бұл істі марқұмның өгей анасы сыбайластарымен бірге жоспарлапты.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир