Астана вокзалында жолаушылар пойызының үстіне конструкция құлады

Астана вокзалында жолаушылар пойызының үстіне конструкция құлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана вокзалында төтенше жайт. Жолаушылар пойызының үстіне конструкция құлады. Әрі құлаған бөлігі бірінші жолда тұрған «Астана-Лениногорск» пойызының вагонына түскен. «Қазақстан темір жолының» ресми мәліметі бойынша, бұл апаттың болуына Астанадағы дүлей дауыл тікелей себеп. Айта кетейік, күні кеше Төтенше жағдайлар комитеті бұл дауылды жел туралы алдын ала хабарламалар жіберген болатын. Оқиғадан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Астанада қатты жел соғып, салдарынан 1-мен 9-шы сынып аралығындағы оқушылар үшін сабақ тоқтатылған болатын. Вокзалдағы апат ресми мәліметтер бойынша, сағат 14.15-те болған.  

«Бұл жерде құрылысты салған компания өкілдері мен жауаптылардан сұрақ алынуда. Нақты бұл жағдайға кімнің кінәлі болғандығын жуырдағы комиссия нәтижесі көрсетеді», - деді «Вокзал-Сервис» АҚ бас инженері  Жұбан КӨРПЕБАЕВ.

Айта кетейік, пойыздың қозғалысына ешқандай кедергі келмеген. Қазір Астананың сарышұнақ аязына қарамай, мұнда ондаған техника жұмылдырылып, жұмысшылар қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті.  Прокуратураның мәліметінше, аспалы қалқанның құлауына байланысты сот алдындағы тергеу амалдары басталып кеткен.  Нақтырақ айтсақ, Қылмыстық Кодекстің 278 бабы 1 бөлігі, яғни «Сапасыз құрылыс» бойынша. Бұл баппен, 2 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.


Новости партнеров